Денсаулық

Дамыған елдерде түсік жасату көрсеткіші тарихтағы ең төменгі деңгейге түсті

Дамыған елдерде түсік жасату көрсеткіші тарихтағы ең төменгі деңгейге түсті

Жыл сайын бүкіл әлемде шамамен 56 млн. жуық түсік жасалады екен. Дамыған елдерде бұл сан тарихтағы ең төмен көрсеткішке түсті. Бұл туралы Lancet журналында жарияланған ғылыми зерттеуде жарияланды.

1990 жылы дамыған елдерде мың әйелдің 46-сы түсік жасатса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 27-ні құрады.

Ғалымдардың пікірінше, бұған контрацепция құралдарына деген қолжетімділік ықпал етті.

Дамушы елдерде түсік жасату бұрынғы деңгейде - мұнда мың әйелдің шамамен 37-сі түсік жасатады.

Зерттеушілер әлемдегі әрбір төртінші жүктілік абортпен аяқталады деген тоқтамға келді. Соның ішінде төрттен үш бөлігін отбасын құрған әйелдер жасайтын көрінеді.