Аңдамай сөйлесең... «Айран құйып ішейін деп пе едің!»
Аңдамай сөйлесең... «Айран құйып ішейін деп пе едің!»
Кеңес өкіметі кезінде облыстық партия комитетінің хатшысы А.Ф.Шалов деген кісі Талас ауданының сол тұстағы орталығы Ақкөл ауылындағы ескі мәдениет үйіне жиналысқа қатысуға келіпті. Күн жаз, хатшы жалаңбас, басы айнадай жалтырап тұр. Соны көрген бір қыршаңқы: – Ойпырмай, мынаның басының тостағандай жалтырауын қарашы! – депті. Сөйтсе, қазақшаға судай хатшы: – Ей, тостаған болса, айран құйып ішейін деп пе едің! – депті тұра қалып. Қазақша білмейтін орыс деп ойлаған әлгі қазақ «ұялған тек тұрмас» дегендей: «ізбените, ізбените» деп кешірім сұрай беріпті.
Сәулембай Әбсадықұлы,
Талас ауданы.