Мемлекет басшысы жоғары әскери және арнаулы атақтарды берді
Мемлекет басшысы жоғары әскери және арнаулы атақтарды берді
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды. «ҚазАқпарат» ХАА құжаттың толық мәтінін ұсынады. Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: авиация генерал-лейтенанты әскери атағы Орманбетов Нұрлан Секенұлына; вице-адмирал әскери атағы Жанзақов Жандарбек Сәдуұлына; Мемлекеттік Күзет Қызметінің генерал-лейтенанты арнаулы атағы Күренбеков Амантай Жанкеұлына; генерал-майор әскери атағы: Әлшекенов Лұт Сапуұлына, Ділманов Дархан Айтқалиұлына, Қашағанов Нұрлан Мұсақанұлына, Нұрахметов Сағатбек Төлеубайұлына, Омарқұлов Жандос Қастелбекұлына, Сатов Мұхаметқали Құсайынұлына; авиация генерал-майоры әскери атағы: Айымбетов Айдын Ақанұлына, Кәрбенов Нұрлан Жанайдарұлына; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Дүйсебаев Әбілсейіт Оразақынұлына; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы Әденов Күзембек Станбайұлына; Мемлекеттік Күзет Қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы Әшімбекұлы Ардаққа; полиция генерал-майоры арнаулы атағы Лепеха Игорь Владимировичке; 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Қайыбжанов Марат Жолмағамбетұлына, Нұрпейісов Сапарбек Айтуұлына, Патсаев Ұлықбек Қаныбекұлына. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 5 мамыр №245