Денсаулық

Француз бизнесмендері Жамбыл облысының экономикасына инвестиция құюға міндетті

Француз бизнесмендері Жамбыл облысының экономикасына инвестиция құюға міндетті

Таразда «Арай Плаза» конференц-залында ҚР-дағы Францияның Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Этьен мен облыстық әкімдік  басшылығы, Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттары, облыстық кәсіпкерлер палатасының кездесуі өтті.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Сапарымыздың мақсаты - іскерлік ортада ынтымақтастық орнату.  Елдеріміз арасында мемлекеттік деңгейде өзара түсіністік қалыптасқан. Бұған президенттеріміздің кездесулері дәлел.  Байланысты одан әрі нығайтқымыз келеді», деді Этьен.

Қазақстандағы Франция Елшісі Жамбыл облысында жаңа өндіріс ашуға мүмкіндік мол екенін атап өтті.  «Бізді  инвестицияларды қажет ететін идеялар мен ұсыныстар қызықтырады», - деді ол.

Кездесуде Жамбыл өңірінде француз және жамбылдық бизнес арасындағы ынтымақтастықтың мысалы бар екені аталды. Атап айтқанда, Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында  «Мыңарал Тас компани» ЖШС цемент зауыты табысты жұмыс істеуде.

Кездесуге «Vicat Group», «Total»  және т.б. ірі француз компанияларының өкілдері қатысты.

Айта кеткен жөн, 2015 жылы Жамбыл облысында шетелдік инвесторлармен сомасы 3,2 млрд. у.е.  құрайтын 17 инвестициялық жоба бойынша  келісімдер жасалды. Жуалы ауданында «BurnoeSolar-1»  күн электростансасының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жоба шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асты.