Денсаулық

Мексика астанасында көліктердің 40 пайызына көшеге шығуға тыйым салынды

Мексика астанасында көліктердің 40 пайызына көшеге шығуға тыйым салынды

Мехико қаласының әкімшілігі ауаның қатты ластануына байланысты қала көшелеріндегі жүк және жеңіл көліктердің санын 40 пайызға азайту жөніндегі шешім қабылдады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Наурыз айында шыққан қаулыға сәйкес, жұмыс күндері автомобильдердің бестен бір бөлігі пайдаланылмауы тиіс. Көшеде жүретін көлікке рұқсат нөміріндегі сандарға қарай беріледі.

Әзірге бұл шектеулер экологияға қатты әсер етпеді. Сәрсенбі  Мехикода көк тұман тұрды. Ластану да нормадан жоғары болды.

Қала билігі бұған Мехикодағы қазіргі құрғақ әрі ыстық көктем себепші болып отыр деп санайды. Жел мүлдем жоқ. Қазір түтін-тозаңның көлемі нормадан 1,9 есе жоғарылап кетті.

Автомобиль пайдалануға қойылатын шектеулер жауын-шашын маусымы басталған соң, маусым айында алынады.

Соңғы санақтағы көрсеткішке сәйкес, 2014 жылы қалада  4,7 млн автомобиль тіркелген.