Жамбылда не жаңалық?

Т. рысқұлов

Т. рысқұлов

Аудандық мәслихат депутаттары Құлан ауылдық округі әкімінің бос тұрған орнына үміткер үш азаматтың кандидатурасын дауысқа сала келіп ауыл әкімін анықтады. Жабық дауыс беру нәтижесінде көп дауыс жинаған Арман Мамырбаев депутаттар сеніміне ие болды. Ол, білімі жоғары, экономист-есепші, бұған дейін аудандық білім беру бөлімінде бас есепші, аудандық мәслихатта тексеруші болып қызметтер атқарған. Аудан әкімінің өкімімен Арман Мамырбаев Құлан ауылдық әкімдігіне әкім болып тағайындалды.