Жамбылда не жаңалық?

Меркі

Меркі

Қазақтың ақбас сиыры тұқымының республикалық палатасының ұйымдастыруымен семинар-кеңес өтті. Оған Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарының мал шаруашылығы мамандары қатысты. Кеңесте етті-сүтті ақбас сиыр тұқымы басын көбейту, селекциялық жұмысты жолға қою, жайылымдық мәселесі кеңінен талқыланды. Аудандағы «Талдыбұлақ» шаруа қожалығының сиырдың осы тұқымын өсірудегі бай тәжірибесі ортаға салынды.