Денсаулық

Украина: 2014 жылғы «революциядан» соң

Украина: 2014 жылғы «революциядан» соң

Украинадағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс 2013 жылдың аяғына таман шиеленісе түсті. Бұл ел сол жылдың күзінде әлеуметтік-саяси дағдарыстың ауыр зардаптарын да бастан өткерген. Бұл 2014 жылғы салдары әжептәуір ішкі кикілжіңдерге алып келді.

2014 жылдың екінші тоқсанынан бастап ел экономикасындағы дағдарыстың тереңдеуі «доминолық» ойлау жүйесі бойынша – өндірістердің жабылуы, жұмыссыздықтың өсуі, табыс пен сұраныстың құлдырауы жағдайында өтті. Қарама-қарсы тараптардың бөлінуі жүйесінде  психологиялық соғыстың асқынуы, аса ірі сауда-экономикалық әріптес  Ресеймен арадағы экономикалық кикілжіңнің тереңдеуі өндіріс орындары қаражаттарының жұмсалынбай тоқтатылып  тастауын, азаматтардың «тірі қалу» үшін күресін туындатты. Украина экономикасы өзінің иініне ауқымы мен салдарлары тұрғысынан 1990-жылғы құлдырауға жақын, екінші терең рецессияны жүктеп алды.

Аталған елдегі жалпы ішкі өнімнің көрсеткіші 2008 жылдан 2014 жылға дейін долларлық бағаммен 27 пайызға кеміген. Осы кезең аралығында украиндықтардың бақуаттылығы күрт төмендеді. Әрбір тұрғынға шаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші нақты жағдайда 27 пайызға дейін құлдырағаны белгілі болып отыр.

Бұл елдің бюджетінде былтырғы жылдың ақпан айында  қоршаған ортаны қорғауға, тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау салаларына, рухани және денешынықтыруды дамытуға жұмсалатын шығындар көлемі қысқартылған. Жалпы алғанда бұл жағдай  – ағымдық режімге сай шығындарды қысқарту сұраныстарды да тоқтататыны Греция мен басқа да елдер мысалдарынан жақсы мәлім.

Украинада экономиканың нақты өсімінің құлдырауынан жұмыссыздық деңгейі өсуде. Бұл көрсеткіш былтыр 9,5 пайызға жеткен. Елдің экономикасы мен әлеуметтік саласындағы ауыр жағдай тұрғындардың сыртқа көшуін туындатты. Егер 1990 жылы Украина халқының саны 51,8 миллион болса, биылғы жыл басында ел тұрғындарының саны 17 пайызға қысқарып, 42, 8 миллион адамды құраған.

Әскери қақтығыстар мен жанжалдарға жол берген Украинадағы жағдай, міне, осындай. Елбасымыздың күні кеше ғана күллі адамзат баласына ой тастап, бейбітшілік туын биікте желбіретуге үндеген  «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесінің маңыздылығы, көкейкестілігі осындайда айқын аңғарылары бар. Бір ғана елде емес, күллі әлемде, жұмыр жер үстінде тату келісім мен бірліктің, бейбіт тұрақтылықтың салтанат құрғанына не жетсін!