Саясат

ЖЕР КОДЕКСІНІҢ ЖАҢА ЕНГІЗІЛІМІ ҚАНДАЙ ?

ЖЕР КОДЕКСІНІҢ ЖАҢА ЕНГІЗІЛІМІ ҚАНДАЙ ?

 Жерді ауыл шаруашылығы мақсатында тиімді әрі ұтымды пайдалану үшін , ауылшаруашылық жерлерді нарықтық бағыттағы айналымға енгізу шаралары қолданылды.

Нарықтық айналымдағы  жерлерді белсенді ынталандыру мақсатында жер қорының экономикалық көрсеткіштерін көтеру үшін 2015 жылдың 2 қарашасындағы ҚР Жер кодексіне өзгерістер енгізілді.

Бірінші. Жер телімдерін  аукционның жаңа механизмдері  арқылы беруді енгізу.

Жер учаскелері ҚР жеке және заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері жеке меншік құқығымен аукцион арқылы мына ретпен беріледі.

Бірінші кезекте – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыруды көздейтін аукцион арқылы.

Егер екі аукционның қорытындылары бойынша учаске сатылмаса, онда ол учаскенің бағасын кадастрлық құнының белгіленген ең төменгі шегіне (кадастрлық құнының 50 %) дейін төмендетуді көздейтін аукционға қойылатын болады.

 Екінші. Жалға берілген жер телімдерін сатып алу бойынша жеңілдік шарттарын ұсыну.

Бұл норма ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларының көзқарасын  ескере отырып, жерді уақытша пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін жер үлесін жеке меншігіне 10 жылға бөліп төлеуге оның кадастрлық (бағалау) құнынан 50% мөлшеріндегі жеңілдікті бағамен сатып алу құқығына ие болады.

Сонымен қатар, ауылшаруашылық өндіріс үшін ұсынылған жер телімінің нысаналы мақсатын ауыстыру процедурасын оңтайландыру мақсатында, сонымен қатар иегерінің ұйымдастыру-құқықтық формасын өзгерткен жағдайда, ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты нысандарды салу кезінде телім мәртебесі болуы қажеттілігінің күшін жою ұсынылады.

Үшінші. Жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша шектеулерді алып тастау. 

Ұсынылып отырған норма жерді пайдаланушыларға жалға алу құқығымен құқықтық мәмілелер жасасуға, атап айтқанда, банкке кепілге беруге, жалдау мерзімі ішінде иеліктен шығаруға мүмкіндік береді.

Төртінші. Ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін алып тастау.

         Жер Кодексінің жаңа өзгерістеріне сәйкес ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін әкімшілік кедергілерді алып тастау және шығасыларды қысқарту арқылы қолайлы жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілерді салу кезінде және шаруашылық жүргізу нысанын ауыстырған кезде жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алып тасталады.

        Жалпы алғанда,  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері шетелдік азаматтарға сатылмайды, жер реформасы әлеуметтік және экономикалық пайда әкеледі.