Денсаулық

Жерді жеке меншікке кім сатып алады?

Жерді жеке меншікке кім сатып алады?

Бірде бір шетелдік Қазақстан жерінің бір сантиметрінде сатып алуға құқығы жоқ. Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқы бар, біріншіден, жеңілдетілген бағамен (50%), жалға берілген жерді 10 жылға ұзартумен және екіншіден аукцион арқылы сатып алуға құқы бар. Шетелдіктер үшін бұндай норма жүрмейді. Мынаны ескерткіміз келеді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы қазіргі айналымдағы 100,8 млн га жердің 1,3 млн га жері Қазақстан азаматтарының жеке меншігінде, ал   99,5 млн га жер жалға берілген. Бұндай жерлерде әртүрлі егістік, майлық, дақылдық, жемдік, көкөністік –бақшалық және өнімдік дақылдар өсіріледі және бұндай жерлерде мал шаруашылығымен  және ет-сүт өндірісімен шұғылданады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі ақшалай түрінде 2,7 трлн. теңгені құрады.

99,5 млн га жердің  шетелдіктерге  65 мың га жері ғана берілген  – бұл шамамен 0,06% - оның өзі жалға берілген. Атап өткен жөн, оның ең көп  бөлігі  -45 мың га – бірлескен кәсіпорындарға жалға берілген, олардың үлесін қазақстандықтар тікелей иелік етеді.

Жалға берілген жерлердің кейбір өңірлер бойынша  жерді таратуы мынандай: Ақтөбе облысында  - 29 мың. га, Жамбыл облысында – 13,5 мың. га,  Ақмола облысында – 8,6 мың га.

Ал ресейліктер болса 10 236 га жалға береді, Қытай резиденттері  - 282 га, ОАЭ - 859 га, Түркия - 7 га және тағы басқаларға жалға берілген.

Қоғамда   шетелдіктер  жерге жеке меншік құқы бар қазақстандық заңды тұлғаның үлесін сатып алу жолымен жер телімдерін алуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл солай ма?

Бұл мәселені екі жақты қарауға болады.

Біріншісі. Егер де шетелдік сатып алатын үлес 50%- тен асатын болса, онда бұндай заңды тұлғаның жер телімдері  үш айдың ішінде алынуға жатады немесе жер пайдалану (жалға беру) құқығы қайта хатталуы қажет.

Бұл талапты орындамаған кезде, Әкімдік жер телімдерін мемлекетке қайтару туралы шағым береді.

Мемлекет өз кезегінде бұндай фактілерді ақпараттық жүйелердің бірлескен іс қимылы арқылы анықтайтын болады, ондай ақпарат заңды тұлғалар үлесінің мөлшері және барлық заңды тұлғалар  – жер телімінің иелері туралы ақпараттан тұрады.

Егер де жеке меншігінде жер құқығы бар заңды тұлғалар анықталған кезде, шетелдіктердің үлесі 50%-тен  асса, бұл ақпарат әкімдікте  жерді алу үшін, жер телімін жалға беру құқығын қайта қарау  немесе сотқа  оны қайтару жөнінде шағым бойынша жұмыс істеуге  жіберілетін болады.

Екінші. Егер де шетелдіктің үлесі 50% -тен кем болса, заңды тұлға үшін ештеңе болмайды.

4. Егер де, шетелдік 50% -тен кем үлес сатып алған болса, бұндай заңды тұлға шектеуді айналып өтпей ме?

Бұл күмәнді сейтсек деймін.

Азаматтық кодекске сәйкес, бұндай шетелдік – заңды тұлға иесі оның мүлкіне, оның ішінде жер теліміне де құқығы болмайды, тек  жарғы капиталындағы үлес құқығына ғана ие.

Басқа сөзбен айтқанда, бұндай жер телімдерінің  иелері  шетелдік азамат  емес, заңды тұлға – біздің заң бойынша қызметін жүзеге асыратын және осы жерде салық төлейтін Қазақстан резиденті болып табылады.

Егер де шетелдік  қатысушылар құрамынан шыққысы келсе және өзінің жер үлесін алғы келсе, оған ондай мүмкіндік жоқ, өйткені ол жер құқығын тіркей алмайды.

Бұл жағдай - заңды тұлға қатысушысы жұбайлар болып, оның біреу шетелдік болған жағдайға да қатысты.

Бұл кезде акционерлік қоғам сияқты ұйымдық –құқықтық нысаны ерекшелігінде ескерген жөн. АҚ үлестер, барлық мүлік нарықта еркін айналым акциялары, бағалы қағаздар түрінде, олар биржаларда сатылуы және сатып алынуы мүмкін.

Бұл кезде шетелдікке тиісті акция үлесін бақылаудың қажеттілігі жоқ, өйткені тіпті акцияның 100% иесі шетелдік акционердің өзі де  жерді өзінің меншігіне ала алмайды.

Айтылғандарды түйіндей келе, ауылшарушылығы мақсатындағы жерлердің жеке меншік құқы тек қазақстандық компания құқығында ғана болады және ол қатысушы құрамынан шыққан кезде  жер телімімен емес ақшалай түрде төленетін заңды тұлға үлесіне ғана құқы бар.