Денсаулық

Жер – бұл ана

Жер – бұл ана

Біздің түсінуімізше, қазақстандықтар үшін жер – сакралды тақырып. Дәл қазір оны жалға беру немесе сату мәселесі басты мәселе емес. Жер – бұл ана. Ана ешқашан сатылмайды және ешкімге жалға берілмейді.

Бәрімізге белгілі, жер-ана байлығымыз, ал еңбек - оның әкесі! Еңбек және жер – байлықтың қайнар көзі. Ел өнімді көбірек өндірген сайын байи түседі. Байлықтың қайнар көзін өндірістен іздеудің  қажеттілігі туындауда. Қазақстан ауқымды ауылшаруашылық ресурстарын ие.  Біздің еліміздің жер қоры 272,5 млн. гектарды құрайды. Бұл біздің баға жетпес ұлттық байлығымыз, өкінішке орай, күні бүгінге дейін осы ұлттық байлығымызды тиімді пайдалана алмай отырмыз. Жылдар бойы жерлеріміз өңделмей, арамшөптер басып, деградацияға ұшырауда. Еңбек ету және жерді өңдеу арқылы жер еліміздің шын мәніндегі  байлығы мен  дәулетіне айналады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жерімізде алдыңғы қатарлы әлемдік технологиялармен жабдықталған өзіміздің үлкен-үлкен шаруашылықтарымызды өркендетуге барлық жағдайлар жасаймыз.

Қазақстанға ауыл шаруашылығы үшін шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі неде? 

Отандық ауыл шаруашылығымыз белсенді дамуда десек те, біздің елімізде әлі де болса  игерілмеген үлкен әлеуеттер бар. Мысалы, Қазақстанда 147 млн. га жайылым бар және  сиыр етін тұтынушы екі ірі елмен шекаралас. Бұл  2014 жылы 4 млрд. АҚШ долларына сиыр етін сатып алған Ресей мен Қытай.   Осындай әлеуетті тұтынушыларға біз бар мүмкіндіктерімізді пайдалана алмай отырмыз.

Бұған себеп неде? Басты себеп – жоғары өндірістік қаржы шығындармен, өтімділігінің үлкен мерзіммен байланысты ауыл шаруашылықтағы инвестицияның жетіспеушілігі, ауылда ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жоқтығы, осы салаға сәйкес мамандардың кетуі.

Өз кезегінде инвестицияның жетіспеушілігі бірінші мынадан көрінеді, саланың төмен техникалық жабдықталуы (ауылшарушалығы техникасы паркінің 80% тозған).

Екіншіден, қаржыландырудың төмендігіне байланысты көптегені шаруалар тыңайтқыштарды қолданбай жердің құнарлы қыртысын бұзады.

Сонымен бірге, қазақтар тарихтан белгілі  білікті малшылар болған және фермерлер бүгінде бұл саланың бұрынғы әлеуетін қалпын келтіруде. Бұған инвестицияны тарту осы бағытты қарқынды дамытуға алып келер еді.

Сондай-ақ ауылшарушалығына келген инвестициялар 2015 жылы 167,0 млрд. теңгені құрады, бұл өнеркәсіпке келген инвестициялардан 23 есе төмен. Сондықтанда шетелдік компанияларды агроөндірісті дамытуға тарту жаңа агротехнологияларды, ауылшаруашылығы техникаларын, дәндік тұқымдарды, тыңайтқыштарды және тағы басқаларды енгізуге мүмкіндік береді.

Біз қазақстандықтар, өзіміздің отандық ауылшараушылық өнімдерін, өз жерімізде өскен: ет, жеміс жидек, көкөністі  пайдаланатын боламыз. Ал шетелдік компаниялар бізге салық төлейтін болады, жұмыс орындарын құратын болады, ауылдың инфрақұрылымн жақсартады, біздің жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға көмектесетін болады. Біз азық- түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге, импортты алмастыруды төмендетуге, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға тырысуымыз қажет.

Сонымен катар Қазакстанда жерді  химизациялаудың тарихи төмен деңгейінде және жақын маңдағы нарықтың төлем қабілеттілігіне байланысты көрінетін органикалык өнімді өндіру үшін қолайлы шарттар жасалған.

2015 жылдың аяғында біздер органикалық өнімді өндіру туралы заң қабылдадық. Осы заң органикалық өнімнің жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесуге және халықты жоғары деңгейдегі өніммен, ал өндірушіні әділ бағамен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Сонымен қатар оның ғаламдық алғышарттары да бар.

Біріншісі, ол халықтың өсімі. Халық санының өсімі туралы болжамдарға сәйкес, 2050 жылға қарай тамақ өнімін 60%-дан көп, ал дамушы елдерде қазіргі көлемнен 2 есе көп өндіруді қажет етеді.

Екіншісі, халықаралық ауылшаруашылығының әлеуеті деңгейінің төмендеуінен  тамақ өнімі дефицитке ұшырауы мүмкін.

Сондықтан да, Қазақстан әлемдегі  тамақ өнімінің тұрақтануы мен жақсаруына байланысты маңызды рөл ойнамақ.

Әлемдің тәжірибеде ауыл шаруашылығына бөлінген ақы- пұлдың өтімділігі минимум 10 жылды құрайды. Ал бұл өндірістің әрі қарай дамуына ұзақ жылдар қажет.

Мысалы шетелдіктерге жерді жалға беру Ресейде- 49 жыл, ал Біріккен Араб Әмірлігінде- 99 жылды құрайды. Бұл тегіннен тегін емес.

Бізде 2001 жылдан бастап, шетелдіктерге ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдері 10 жылға жалға беріліп келді.

2011 жылдан бастап,  шетелдіктер мен жарғылық қаржысындағы шетелдіктердің үлес салмағы елу пайыздан асатын заңды тұлғалар ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін тек қана 10 жылға дейінгі мерзімде жалға алу құқымен  пайдалана алды. Ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл мерзім 25 жылға дейін ұлғайды. Бұл ауыл шаруашылығы түсімділігінің төмендігімен және ауқымды инвистицияны қажет етуімен байланысты. Сол себепті де түсім алу үшін орта есеппен алғанда 10-15 жыл керек.