«Құмтиын» ба, «Құмтүйін» бе?
«Құмтиын» ба, «Құмтүйін» бе?
Қаракемер ауылдық округіне қарасты Құмтүйін деген ауыл бар. Ауыл ақсақалдары құмның түйілген, жинақталған жері болған соң, елді мекен Құмтүйін аталған, негізі сол атауы дұрыс дейді. Ал ауылға кіреберіс тақтайшада «Құмтиын» деген атау бадырайып тұр. Десек те, кейбір іс-қағаздарда «Құмтүйін ауылы» аталып жүр. Қайсысы дұрыс? «Құмтиын» ба, «Құмтүйін» бе? Мұны түзеу тиісті сала өкілдеріне әлде қиын ба?!
Жамбыл ауданы.