Күн батареясымен ұшатын Solar Impulse 2
Күн батареясымен ұшатын Solar Impulse 2
Күн сәулесінен қуат жинап ұшатын Solar Impulse 2
әуе кемесі Тынық мұхитының үстімен үш күн ұшып, Сан-Франциско қаласына барып қонды. Гавай аралдарынан АҚШ-қа жету үшін ұшақ шамамен 4 мың шақырымды бағындырған. Оның қанаттарында 17 мыңға жуық күннен куат алатын батареялар қондырылған. Соның көмегімен олар қозғалтқышты айналдырып қана қоймай, оның түні бойы тоқтамай ұшуына қуат жинайды.