108 жыл теңізде жүзген шөлмек табылды
108 жыл теңізде жүзген шөлмек табылды
108 жыл теңізде жүзген ішінде хаты бар шөлмек неміс жағажайынан табылды. Ол хаты бар ең көне шөлмек ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Оны Солтүстік теңізінен тауып алған зейнеткер Мариан Винклер шөлмекті қағазда көрсетілген мекен-жайға жіберген. Бұған дейінгі хаты бар шөлмек рекорды 2013 жылы табылды. Ол теңізде 99 жыл 43 күн жүзіп жүрген.