Жамбылда не жаңалық?

Сарысу

Сарысу

130 дана нан тегін таратылды

Жаңатас қаласында әлеуметтік көмек беру мақсатында жағдайы төмен отбасылардың тізімі дайындалып, әр отбасыға кететін нан көлемі есептелді. Қалада әлеуметтік «Рахмет» дүкені арқылы тәулігіне 130 бөлке нан тегін таратылуда. Сонымен қатар, осы дүкенде картоп, пияз, макарон тауарлары да тегін беріледі. Бұл қамқорлық ауданда белсенді азаматтардың тұрмысы төмен адамдарға өз еріктерімен жинаған қаражаты арқылы іске асуда.