Белгiлi тұлғалардың беймәлім сырлары
Белгiлi тұлғалардың беймәлім сырлары
Ньютон өмiр бойы жақындарына, таныстарына ұйқысының қанбайтынын айтып арызданады екен. Ал оған кiнәлi – Ньютонның өзi. Ол қысы-жазы тiк мұржалы, алды ашық пештiң (камин) алдында тұратын креслода ойланып отырып ұйықтауды әдетке айналдырыпты. Әрине, ебедейсiз жағдайда ұйықтағандықтан, оның мойны, арқасы, қол-аяғы ауырады. Түннiң бiр уағында денесiнiң ауырғанынан оянған ғалым ұйқылы-ояу төсегiне қарай аяңдайды. Жатын орнына жеткенше оның ұйқысы шайдай ашылады. Мiне, осыдан кейiн Ньютонның ұйқысы, әрине, қанбайды. * * * Ұлы физик-теоретик, қазiргi физиканың негiзiн салушылардың бiрi Альберт Эйнштейн шұлық киюдi ұнатпапты. Жыртыла беретiн шұлықтың аяққа не үшiн киетiнiн түсiнгiсi келмеген ол бiрде оны киюден бас тартыпты. Зиялы қауым жиналған жерде шұлығының жоғын сездiрмеу үшiн биiк қонышты бәтеңке киедi екен. * * * Оноре де Бальзак өте кеш ұйықтайды екен. Ұйықтап қалмас үшiн, жазып жатқан жұмысын бiтiру үшiн көп кофеин iшiптi. Тiптi кофенi спирттiң ерiтiндiсiне араластырып iшудi әдетке айналдырыпты. Ағзасында кофеиннiң құрамы өте көп болғандықтан, Бальзактың 48 сағат бойы үстел басынан тұрмай жұмыс iстеген күндерi болыпты. Алайда, осы әдетi, яғни кофенi көп пайдалану оны ақыры өлтiрiп тынады. Оның жүрегi ауыртпалықты көтере алмай, бiр сәтте тоқтап қалған. * * * Бiрде Шиллердiң ең жақын досы Иоганн Гете оның кабинетiне кiредi. Шиллер жоқ болғандықтан ол оның орындығына жайғаса кетедi. Бiр уақытта оның мұрны бiр жағымсыз иiстi сезедi. Әлгi иiстен оның құсқысы келедi. Гете әлгi жағымсыз иiстiң қайдан шығып жатқанын бiлгiсi келiп, ұялмастан үстелдiң тартпаларын бiр-бiрлеп аша бастайды. Әр тартпаны ашқан сайын шiрiп жатқан алманы көредi. Сөйтсе, немiс халқының ақыны, философы, драматургы Фридрих фон Шиллер әлгi шiрiк алмаларды әдейi салып қойыпты. Шiрiк алмалардың адам төзгiсiз иiсiнен ол шабыт алады екен. * * * АҚШ-тың ағартушысы, мемлекет қайраткерi, ғалым Бенджамин Франклин таңғы сағат 5-те тұрады екен. Оның көңiлi сүйетiн iсi – тұра сала ыстық суға шомылу. Ваннада ыстық суда жатып, көп дүниелерiн жазыпты. АҚШ-тың Тәуелсiздiк декларациясы да оның ойына дәл осы ыстық суда шомылып жатқанда түсiптi. Ол содан кейiн бөлмеде тыр жалаңаш әрлi-берлi жүргендi ұнатады екен. «Киiм ойымды бұғаулап тастайды» деп ойласа керек. * * * Барак Обама ыстыққа өте төзiмдi екен. Көлiктiң iшi 30 градус ыстық болса да, АҚШ президентi кондиционер қосуға рұқсат етпейдi. * * * Белгiлi ақын Александр Блок ғалым Менделеевтiң қызы Любаға үйленедi. Любаға сүйiп қосылғанына қарамастан, ол тойдан кейiн бiр жыл бойы әйелiне жоламаған. «Әйелiмдi жек көрiп кетем бе?!.» деген қауiп болған. Сондықтан рухани жақын болғанды қалаған. * * * Француз классигi Виктор Гюго өзiнiң мәңгiлiк шығармаларын тыр жалаңаш күйде жазған. Күтушiсiне бар киiмiн үйден алып кетудi бұйырады екен. «Киiмiм үйде тұрса, жұмысымды доғара сала қыдырып кетуiм мүмкiн. Сөйтiп, жұмысым белгiсiз уақытқа шегерiлiп қалады...» дейтiн көрiнедi. Өз-өзiн «үй қамақта ұстау» белгiлi бiр беттi жазып бiткенде ғана аяқталатын.
zhasalash.kz