Жігіт тің ажалына көрінген фотосурет
Жігіт тің ажалына көрінген фотосурет
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол». Емшінің әңгімесі. Ол бұл әңгімені сол оқиғаға куә болған жігіттің бірінен естіпті... «Бір күні маған жас жігіт келді. Оның жанарынан қаншама түн ұйқы көрмегені байқалып тұрды. Келе күрсініп салды. Сөзді неден бастарын білмей тұрғанын сезіп тұрмын. Әйтсе де, суыртпақтап сыр тартпадым. Өйткені, оған қазір көмектессем, бұдан кейін қорқынышын жеңіп, бойындағы үрейден арыла алмасын сездім. Бір кезде қайда, не үшін келгені енді есіне түскендей: «Мен қорқып әрі өзімді кінәлі сезініп жүрмін», – деді. Айта түс дегенді қабағыммен ұқтырып, ентелеп жақын отырдым. Іштегі сырын сыбырлап қана айтқысы келгендей, ол да жақындады. – Біз үшеу едік. Үшеуміз бала кезімізден дос болдық. Ешқашан сөзге келіп, достығымызға сызат түсірмеген едік. Бұл өзі кездейсоқ оқиға болды. Кеш батып келе жатқан. Көшеде келе жатып, суретке түстік. Рас, ол түскісі келмеді. Бірақ, біз қолқалап қоймадық. Суретке түсе салып, смартфонымызды «сапыратын» әдетімізбен іле түскен фотоларды көре бастадық. О, тоба! Жаңағы суретке түскісі келмеген досымның басы жоқ. Алғашында сол суретті көріп, менің үрейім ұшып кетті. Артынан досымның көңіліне келіп қалмасын деп, қалжыңға айналдырып, «Суретке түскің келмегенін смартфон да сезді ғой деймін, бейнең көрінбей қалыпты» дедім. Бір аптадан кейін ол қайтыс болды. Ауырмай, cыздамай! – деді үні дірілдеп. Көзі жасаурап кетіпті. Бойын билеген үрейден әлі де арыла алмай жүргенін сездім. – Сол суретке түсуге бекер көндірдік пе? Пайғамбарымыз (с.а.у.) біршама хадистерінде жанды заттың суретін салуды ұнатпағаны, тіпті кейде оған қатаң тыйым салғандығы айтылған ғой. Ол өзін кінәлі санайтынын айтты. Бұл жағдай тағдырдың жазуы екенін айттым. Бәрі де Алланың қалауымен болатынын түсіндірдім». Бұл оқиға мені де қатты ойландырды. Пайғамбарымыз (с.а.у) неліктен жанды заттың суретін салуға қарсы болды екен?