Жаңалықтар

Мәңгілік Ел

Мәңгілік Ел

Оу, дүние-ай, әр Заман туады екен дараланып, Ата сөзі – бата сөздей жүректе сараланып. Тәуелсіздігі Елімнің тұғырлы болған сайын, Кеудемде намыс оты жанады анық!

Оу, дүние-ай, біртұтас елім барда тірі болам, Тірі болам, Заманымның өлмес жыры болам. Мәңгілік Ел жолындағы бір мүдде, бір мақсатты, Жасай берші, жасай бер, Қазағым, Ұлы далам!

Мәңгі бол, қайтпас, қайсар, Қазақ Елім, Мәңгі бол, кең далам, асқар белім. Желбіретіп, көтеріп, көк Байрақты, Алға баста, түркітілдес, Түркі Елін!

Кең-байтақ, осынау Қазақ даласының, Мен де бір арман қуған баласымын. Келер Заман, келер Ұрпақ қамын ойлап, Ұл-қызы тауып жатыр жарасымын!

Оу, дүние-ай, талайға тарих боп өткен Заман, Қасиетті Бабалар мәңгілік келмеске кеткен Заман, Бүгінгі күн Ұлы Қазақ данасы мен баласына, Мәңгілік Ел болу үшін жеткен Заман!

Жарқынбек Жақсымбетов, ҚР Парламенті Сенаты Аппараты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Астана.