Таланттар тасада қалмайды
Таланттар тасада қалмайды
облыстық халық шығармашылығы орталығы «Жаңа есім» байқауын қолға алды
Облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына қарасты халық шығармашылығы орталығының қолға алуымен облысымызда «Жаңа есім – 2016» байқауы басталды. Шалғайдағы ауылдар мен аудан орталықтарында тасада жүрген таланттарды табуды мақсат еткен жоба аясында орталық қызметкерлері ақындар мен әншілерді, жыршы-термешілерді, музыка аспаптарында ойнайтын азаматтарды елге танытып қана қоймай, олардың талабын ұштамақ. Анығырақ айтсақ, іріктеуден өткен өнерпаздармен сала мамандары тыңғылықты жұмыс жасайтын болады. Осы мақсатта аудан орталықтары мен Тараз қаласында іріктеу кезеңдері өткізілуде. Іріктеу барысында әлден-ақ бірқатар таланттар көзге түсті. Талантымен көзге түскен талабы таудай өнерпаздармен алдағы уақытта кәсіпқой хореограф, вокалист, музыка өңдеушілер жұмыс жасайтын болады. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында қолға алынған жоба жемісін берері сөзсіз. Тіпті үздік өнерпаздардың орындауындағы әндер мен музыкалық шығармалар CD дискіге жазылып шықпақ. Жеңімпаздардың қатысуымен гала-концерт Тараз қаласында өтетін болады.
Т. Мұсылманқұл, журналист.
Тараз қаласы.