Денсаулық

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үшінші орын алды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үшінші орын алды

Дзюдодан Ташкентте өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары командалық біріншілікте үшінші орын алды, - деп хабарлайдыVesti.kz Федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ерлер құрамасы бірінші айналымнан автоматты түрде өтіп, екінші раундқа ауысты, бұл кезеңде Сирияны 5:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда қазақстандықтар Өзбекстан құрамасынан 2:3 есебімен ұтылды, алайда қола медальдар үшін таласта Қытайдан 4:1 есебімен басым түсті. 

Қазақстанның әйелдер құрамасы да бірінші айналымнан автоматты түрде өтіп, екінші раундта Иранды 5:0 есебімен жеңді. Қазақстандық дзюдошыларды жапон спортшылары финалға шығармады (1:4), бірақ үшінші орынға таласта Өзбекстанды 3:2 есебімен жеңіп кетті.

Жарыста Максим Раков, Азиз Қалқаманұлы және Ержан Шынкеев қола медаль алса, әйелдер арасында Гүлжан Исанова күміс медаль алды.