Қысқы универсиадаға Уганда спортшылары да қатыспақ
Қысқы универсиадаға Уганда спортшылары да қатыспақ
2017 жылы Алматы қаласында өтетін қысқы Универсиадаға әлем елдері дайындықтарын пысықтай бастады. Мәселен, Ресей студенттер спорты одағының атқарушы директоры Дмитрий Киселев додаға аталмыш елден 300 спортшы қатысады деп мәлімдеме жасаса, поляктар 40 спортшы әкелуге ниетті екендіктерін жеткізді. Ал, ағылшындар бұл аламанға 80 саңлағын қоспақшы, бұған қоса Уганда елі де тұңғыш рет Универсиадаға өз спортшыларын әкелуге ниеттеніп отыр. Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпан аралығында өтеді. Додаға 2000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Жарыс 12 спорт түрінен: биатлон, шаңғы спорты, керлинг, конькимен жарыс, шаңғы қоссайысы, шаңғы сайысы, шаңғымен тұғырдан секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккей, шорт-тректен 8 спорттық нысанда өтеді.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».