Денсаулық

Жамбыл облысында 6 денсаулық сақтау нысанын сенімгерлік басқаруға беру жоспарлануда

Жамбыл облысында 6 денсаулық сақтау нысанын сенімгерлік басқаруға беру жоспарлануда

Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев мәлім етті.

Өткен жылы Тараз қалалық №6 емхана сатып алу құқығында сенімгерлік басқаруға берілді. Сенімгерлік басқарушысы «Жаншуақ» медициналық орталығы. Штаттық санын сақтай отырып (269 адам), медициналық орталық қосымша 21 жұмыс орнын ашып отыр.

2015-2021 жылдар арасында медициналық орталық өз қаражаты есебінен 21,0 млн. теңгеге, несие арқылы 618,8 млн. теңге инвеститция тартуды жоспарлап отыр. Үстіміздегі жылы сенімгерлік басқаруға 6 денсаулық сақтау нысаны берілу жоспарлануда.