Жамбыл облысында 3+3 формуласы бойынша 52 тәлімгер бекітілген
Жамбыл облысында 3+3 формуласы бойынша 52 тәлімгер бекітілген
Бұл туралы Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру барысына бағытталған брифингте облыс әкімі Кәрім Насбекұлы айтты.
Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысында бірыңғай конкурстық комиссиялар мен персоналды басқару қызметтері құрылған. Облыста мемлекеттік қызметкерлердің жалпы саны 5195-і құрап отыр. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар – 2747 (оның саяси мемлекеттік қызметкер-6, әкімшілік корпус «А» - 16, әкімшілік корпус «Б» - 5173 бірлік).
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі» бекітілді. «Б» корпусы қызметкерлерінің 2346 жеке жоспарлары мен «А» корпусы қызметкерлерінің жұмыс басымдықтарына байланысты 11 келісім жасалды. Тәлімгерлер кеңесі құрылып, әдеп жөніндегі уәкілетті тарап бекітілді. Қызметкерлердің атқарып отқан мемлекеттік қызметтеріне сәйкестігін анықтау мақсатында 52 мемлекеттік қызметкерге тәлімгерлер мен 3+3 формуласы бойынша міндеті сынақ мерзімдері бекітілді.
Мемлекеттік қызметшілерді ротациялаудың 2016-2018 жылдарға арналған жоспары бекітілді. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатында 42 млн. теңге қаражат қарастырылған. 869 мемлекеттік қызметшіні оқытумен қамту жоспарлануда.
Өткен тоқсан ішінде 225 мемлекеттік қызметші оқытудан өтті немесе 26% (оның ішінде 165 адам (30,2%) біліктілігін арттыру және 60 адам (18,6%) қайта даярлау курстарынан өтті).
Жергілікті атқарушы органдар балансында жекешелендіру құқығынсыз 273 бірлік қызметтік тұрғын үй бар.