Жамбыл облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды
Жамбыл облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды
Жамбыл облысының полицейлері 9 сәуірде арнайы операция жүргізу кезінде есірткі саудасымен айналысты делінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, олар ұзақ уақыттан бері есірткінің ауыр түрлерін өңір аумағында аса ірі көлемде сатқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады. "Жедел-іздестіру шараларының қорытындысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, олар ұзақ уақыттан бері Шу қаласындағы екі нарконүктеде есірткінің ауыр түрлерін сатумен айналысқан", - делінген хабарламада. Тінту кезінде полицейлер 135 граммнан асатын "героин" мен 700 граммға таяу "гашиш" тапты, бұл есірткі заттары сатуға дайындалған, сонымен қатар 125 мың теңге көлемінде ақша табылды. Есірткімен қатар ұрланған мүліктер де табылды, оларды күдіктілер нашақорлардан есірткінің орнына орнына алып отырған. Сонымен қатар, есірткі жеткізуші анықталып, сұталды. Оның Шу қаласындағы нарконүктелерді героинді сатып алғаны айтылады. Ол Қордай ауданының К. есімді тұрғыны болып шықты. "Ұсталған азаматтың тұрғылықты мекен жайын тінту кезінде бір келіден аса героин табылып, тәркіленді, героин сатуға дайындалған", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері. Ұсталған тұлғаларға қатысты "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" қылмыстық іс қозғалды" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыстары дәлелденсе, олар мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу аясында жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр.
ақпарат көзі tengrinews.kz