Экономика

«Алматы-1 – Шу»

«Алматы-1 – Шу»

темір жолы құрылысында тұңғыш рет елімізде шығарылған рельстер пайдаланылды

2015101619++5522«Алматы-1 – Шу» темір жолы бөлігінде жүргізіліп жатқан екінші темір жол құрылысына тұңғыш рет салтанатты түрде отандық өндіруші – Ақтөбе рельс-арқалық зауытының рельстері төселді. Алғашқы рельс төселген соң, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ президенті Асқар Мамин қолдарына 41-ші өлшемді кілтті алып, екі рельстің жігін ұстап тұратын қаптаманы бекітті. Өз сөзінде «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ президенті Асқар Мамин «Алматы-1 – Шу» теліміндегі екінші темір жол құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқандығын айтты. – Бұл – екінші жол, жылжымалы құрамның өнімділігін еселеуге, энергетикалық шығындарды азайтуға және пойыздардың жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Жоба жүзеге асырылған соң, телімнің өткізу мүмкіндігі 3,2 есеге артады, ал жүк пойыздарының өткізілуі тәулігіне 68 пойызға дейін көбейеді, – деді А. Мамин. «Алматы-1 – Шу» телімінде барлығы 110 шақырымдық темір жол магистралі және 10 шақырым стансалық жолдар салынады. Қазір 16 көпір мен 80 су құбырын орнату жұмыс­тары жүргізіліп жатыр.

«Ақ жол-Ақпарат».