Жамбылда не жаңалық?

Тараз

Тараз

«Достық» үйіне – 1,27 миллиард

«Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени кешені аумағында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Достық» үйі ғимаратының құрылысы қызу жүргізіліп жатыр. Тапсырыс беруші – облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолы басқармасы. Нысан құны 1,27 миллиард теңгені құрайды. Бас мердігер – «Астана-Авто-Құрылыс» ЖШС.