РЕСЕЙ БОКСШЫЛАРЫ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН – БАСТЫ ҚАРСЫЛАСТЫҢ БІРІ
РЕСЕЙ БОКСШЫЛАРЫ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН – БАСТЫ ҚАРСЫЛАСТЫҢ БІРІ
Бокстан Ресей құрамасының бас бапкері Александр Лебзяк Рио Олимпиадасына қатысты өз пікірін білдірді. – Біз ешкімнен қорықпаймыз, бірақ қауіптенеміз. Кубалықтар, қазақтар, өзбектер, пуэрто-риколықтар бар. Соңғы жылда әлемде бокс қарқынды дамып келеді. Олимпиадаға Қазақстан, Украина және Кубадан баратын боксшылардың барлығы медаль алуға мүмкіндігі бар. Біз Олимпиада кезінде үздік үштікке енуге тырысамыз, – деді ресейлік маман. Мырзағали Айтжанов баптайтын Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет Олимпиадаға 10 жолдама алды. Қазақстан құрамасының бас бапкері Олимпиадаға дейін боксшыларының бірнеше халықаралық жарысқа қатысатынын айтты.
«Ақ жол-Ақпарат».