ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жандар Кәрібаевтың төрағалығымен өткен кеңестің кезекті отырысы облыс әкімдігінің денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы басқармаларына тиесілі регламенттерді қарауға арналды.
Кеңес жұмысы облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Раушан Бижігітова таныстырған «Медициналық қызметке лицензия беру», «Денсаулық сақтау саласындағы есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру», «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау», «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» және «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін қараудан басталды. Нәтижесінде, басқарма тарапынан түскен үш қаулы жобасы, атап айтқанда, «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы», «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау», «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» жобалар азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын бұзбайды деп танылып, одан әрі қарай қарауға ұсынылды. Ал қалған жобалардың нақты кемшілігі көрсетіліп, жетілдірілген соң қайта қарауға ұсынылды. Ал облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Анабеков басқарма тарапынан әзірленген 6 қаулы жобасын таныстырды. Мұнда да жобада кездескен бірқатар кемшіліктерді ескерткен кеңес мүшелері бірқатар регламентті кері қайтарса, енді бірін одан әрі қарауға ұсынды.
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».