Жамбыл
Жамбыл
25 жылдыққа – 25000 түп ағаш
Қазір аудан тұрғындарының дені қолына кетпен, айыр, күрегін алып далада еңбек етіп жатыр. Бірі өзі тұратын жерді күл-қоқыстан арылтып жүрсе, бірі көшеге, ауылға сән берген талдарды әктеумен әуре. Аудан әкімі Мәден Мұсаевтың бастамасымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына 25000 түп ағаш отырғызуды қолға алған аудандық мекеме ұжымдары, ауылдық округтер межелі мақсатты орындады. Ағаштардың дені «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойына отырғызылды.