Басты жаңалық

Boeing компаниясы 8 мың қызметкерін қысқартады

Boeing компаниясы 8 мың қызметкерін қысқартады

The Seattle Times басылымының хабарлауынша, Boeing осыған дейін 4 мың қызметкерін жұмыстан босату туралы шешім қабылдаса, жуырда тағы да 4 мың адамды қысқарту жөнінде шешім қабылдады. Олардың арасында жүздеген менеджер мамандары бар. Компанияның мұндай қадамға баруының басты себебі – шығын көлемін азайту.