«ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» МАНИФЕСІ
«ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» МАНИФЕСІ
Бұған дейін хабарланғанындай, Америка Құрама Штаттарының астанасы – Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жарияланған болатын. Бұл манифест Қазақстан басшысының Карнеги қорының штаб-пәтерінде АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен өткен кездесуі кезінде жан-жақты талқыланған еді. Бүгінде манифесті халықаралық қоғамдастық, сондай-ақ, өз еліміздің жұртшылығы да зор серпіліспен құп алып отыр.