Англия мен Шотландиядағы әйгілі екі сарай 53 миллион долларға жөндеуден өткізілмек
Англия мен Шотландиядағы әйгілі екі сарай 53 миллион долларға жөндеуден өткізілмек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англия мен Шотландияда екі корольдік резиденциясы қайта жөнделетін болды, оған 53 млн доллар жұмсалмақ, деп жазады ВВС агенттігі. Олар Шотландиядағы Виндзор қорғаны және Холируд сарайы. Ханшайымның сүйікті резиденциясы саналатын Виндзор қорғаны аумағында жаңа дәмхана мен балаларды оқыту орталығы салынады. Холируд сарайында да оқу орталығы салынады. Екі ғимаратқа да өзгерістер жасалмақ. Жұмысқа 37 млн фунт стерлинг немесе 53 миллион доллар жұмсалады. Оны арнайы «Royal Collection Trust» қайырымдылық қоры қаржыландырады. Қайта жөндеу келесі жылдың басында басталып, 2018 жылдың соңында аяқталады. Жөндеу кезінде екі сарай да келушілер үшін жабылады.
ақпарат көзі kazinform.kz