Анандиден айырылып қалдық
Анандиден айырылып қалдық
«Келiн» телехикаясы бас кейіпкерінің рөлін сомдаған Болливуд жұлдызы Пратюша Банерджи сүйіктісінің үйінде асылып көз жұмған. Жергілікті ақпарат құралдары таратқан мәліметтер бойынша Пратюша Банерджидің денесін оның сүйіктісі – әртіс әрі телепродюсер Рауль Сингх тапқан. Бойжеткен шұғыл ауруханаға жеткізілген, бірақ дәрігерлер оның жанын сақтап қала алмаған. Indian express-тің мәліметінше, өзіне қол салған бойжеткен мен оның бірге шаңырақ көтергелі жүрген жігітінің арасында келіспеушілік болған. Бұдан бөлек, полицейлер Пратюша Банерджимен байланысы, қандай да бір келіспеушілігі болған барлық ер адамдарды тергейтінін мәлім етті. Марқұм актрисаның достары оның сүйіктісімен жиі ұрсысатынын, тіпті кейде төбелесіп қалатынын айтқан.
«Ақ жол-Ақпарат».