Білім

Мектептегі қамқорлық

Мектептегі қамқорлық

Жастар – болашағымыз. Сондықтан, жас жеткіншектерге әрқашан қамқорлық танытып, олардың толыққанды тұлға болып қалыптасуына көмектесу – біздің міндетіміз. Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі «Қамқорлық» республикалық акциясының негізгі мақсаты да осы. Түймекент орта мектебінің директоры Шырын Қапарова, әлеуметтік педагог Зура Жұмаділова және ұстаздар қауымы аталмыш акция аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларын киім-кешек, оқу құралдарымен қамтамасыз етуге үлестерін қосты. Сөйтіп, белгілі бір әлеуметтік себептермен сабаққа қатыспай жүрген оқушыларды анықтап, оларға қамқорлық жасап, қолдау көрсетті. Акция барысында мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылды. Жайсыз отбасыларға рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, жетім және асыраушысынан айырылған, аз қамтылған отбасынан шыққан, көп балалы жанұядан шыққан оқушыларды қолдау мақсатында сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. «Жақсылық жасауға асығайық!» қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 1 -11 сынып оқушылары белсене қатысты. Жәрмеңкеде оқушылар қолдан пісіріп әкелген үй тағамдарын сатты. Жиналған қаржыға 25 оқушыға аяқ киім, жемпір, бас киім, оқу құралдары табыс етілді, өздері сұраныс жасаған барлық киімдермен қамтамасыз етілді.

Жеңіс Шәлімбетова, Түймекент орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

Байзақ ауданы.