Денсаулық

Беларусь әншісі "Евровидение" кешіне тірі қасқырды алып келді

Беларусь әншісі "Евровидение" кешіне тірі қасқырды алып келді

"Евровидение-2016" байқауына Беларусь елінің атынан қатысатын 22 жастағы әнші Александр Иванов (IVAN) конкурсқа арналған кешке тірі қасқырмен келді, - деп хабарлайды LifeNews.

Басылымның мәліметінше, Мәскеудегі қызыл кілеммен жүрген Александрға қасқырды ұстап жүруге жануарларды қолға үйретуші адам көмектескен. Қасқырды олар әрең сүйреп жүрді.

Айта кетейік, Стокгольмде өтетін "Евровидение-2016" байқауында IVAN Виктор Дробыштың конкурсқа арнайы жазған How to Fly әнін орындайды. Болжам бойынша, Александр көрермендер алдына тыр жалаңаш шығып, қасқырмен бірге өнер көрсетеді.

ақпарат көзі tengrinews.kz