Басты жаңалық

Англия

Англия

Ірі күн электр стансасы іске қосылды

Лондонда Еуропадағы ең ірі күн электр стансасы іске қосылды. Ол ханшайым екінші Елизавета атындағы су қоймасында орналасқан. Онда 23 мың күн панелі орнатылған. Олар жылына 6 миллион киловатт электр қуатын өндіреді. Күн панельдері мен оларды жалғап тұрған жүйе төменгі температурада жақсы жұмыс істейді. 2020 жылға дейін станса бүкіл Лондонды сумен қамтамасыз етуге қажетті энергияның үштен бір бөлігін өндіретін болады.