Спорт және туризм

Олжас Сәттібаев қырғыз боксшысын жеңіп Рио Олимпиадасының жолдамасына ие болды

Олжас Сәттібаев қырғыз боксшысын жеңіп Рио Олимпиадасының жолдамасына ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Риодағы Олимпиада ойындарына жолдама берілетін турнирдің ақтық бәсекелері өтіп жатыр.

52 келі салмақ дәрәжесінде боксшымыз Олжас Сәттібаев қырғыз спортшысы Азат Үсенәлиевпен жекпе-жек өткізді. Олжас қарсыласынан басым түсіп - 3:0 есебімен ұтты.

Бұған дейін лицензияларды Қайрат Ералиев (56 келі), Абылайхан Жүсіпов (64 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Иван Дычко (+91 келі) және Дариға Шәкімова (75 келі) жеңіп алған.

Еске сала кетсек, кеше Олжас Сәттібаев қытайлық спортшы Жиангван Хумен жекпе-жекте ұтылып қалған болатын.

ақпарат көзі kazinform.kz