Денсаулық

Қазақстанда сәуір айында 33 градус ыстық күтіледі

Қазақстанда сәуір айында 33 градус ыстық күтіледі

Синоптиктер елімізде сәуір айында қандай ауа райының күтілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Батыс Қазақстанда айлық орташа температура норма шамасында, ал басқа аймақтарда нормдан 1-2 градусқа жоғары болады. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын мөлшері нормаға сәйкес болса, қалған аймақтарда нормадан төмен болады", - делінген "Қазгидромет" кәсіпорнының хабарламасында.

Сонымен қатар, синоптиктердің болжамына сүйенсек, сәуірдің бірінші және екінші онкүндігінің басында ауа райы салқын болады: жауын-шашынның соңы көктайғақ болып, түнде ауа температурасы төмендейді. Ал елдің батысында 0-5 градусқа дейін күн суытып, солтүстік пен орталықта күн 0-8 градус суық болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста температура 5-0 градус жылы, шығыста 0-5 градус суық күтіледі.

Сонымен қатар, мамандар сәуірдің соңғы онкүндігінде солтүстікте күн 20 градусқа дейін жылып, оңтүстікте 33 градус ыстық болатынын болжады.