Денсаулық

Жапонияның мәнерлеп сырғанау федерациясы Денис Тенді жазаға тартпақ

Жапонияның мәнерлеп сырғанау федерациясы Денис Тенді жазаға тартпақ

Мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының жеңімпазы, жапондық Юдзуру Ханю қазақстандық Денис Теннің Бостонда өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламаны орындау алдындағы жаттығу кезінде онымен әдейі соқтығысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Р-Спорт» агенттігіне сілтемемен Вести.кз.

Ханю мен Тен сәрсенбі күні болған жаттығу кезінде соқтығысқан. Солай болғанымен, Ханю қысқа бағдарламада ең үздік нәтиже көрсетті, ал бұған дейінгі әлем чемпионаты мен Сочи Олимпиадасында қола жүлдені иеленген Тен 12-ші орынға табан тіреді.

«Мен бейнежазбаны көрдім, ол әдейі жасады деп ойлаймын. Бірақ мен оған ашуланбауым керек», - деп мәлімдеді Ханю.

Франс Пресс агенттігінің ақпаратынша, Жапонияның мәнерлеп сырғанау федерациясы Халықаралық конькимен жүгірушілер одағына (ISU) Денис Тенге ескерту жасау талабымен ресми түрде шағым бермек.