Сот залындағы солақай сөздер
Сот залындағы солақай сөздер
Сот кезінде айыптаушы кінәліден: – Театрға мас болып барғаныңызды мойындайсыз ба? – деп сұрайды. Сонда айыпкер: – Мойындаймын! Сау болсам театрға жолап нем бар. * * * Екі таныстың арасындағы сұрақ-жауап. – Өткенде өте сауатты еврей мен армян бір-бірімен соттасып жатыр еді, аяғы не болды екен? – Біткен. Прокурорға 5 жыл беріпті… * * * Сот төрағасы сотталушыдан: – Сонымен, бұл өзі қалай болып еді? – деп сұрайды. – Мәселен, былай. Мен қолымдағы пышақпен апельсин аршып отырдым. Сол кезде мына ақымақ келіп қалды да, апельсиннің қабығына тайып жығылып, тұп-тура пышаққа ұрынды. Сот төрағасы: – Тура осылай үш рет қайталанды ма? * * * – Сіз менің сотқа берген шағымыммен танысып, істі қолға алсаңыз қайтеді? Әйеліммен ажырасуым керек, ол көзіме шөп салып жүр, – дейді адвокатқа. – Бұлтартпас дәлелдеріңіз бар ма? – Болғанда қандай! Кеше кешкілік әйелім менен сәл кешігіп үйге түнделетіп оралып, бұл уақытқа дейін кейінгі тапқан жап-жас сырласы Алисаның үйінде болдым дейді антұрған! Ал сол күні түнге дейін Алисаның үйінде мен өзім болғанмын…