Бар-жоғы білінбейді
Бар-жоғы білінбейді
Өз ісін, өз қадамын дұрыстайды, Ешкіммен қабақ шытып ұрыспайды. Кесіп айтар сөзі жоқ сол жандардың, Көңілі қалап тұрар тыныш жайды.
Неге олар өз ойымен көрінбейді, Айтса да, айтпаса да, жөнін мейлі. Өзіндік көзқарасы болмаған соң, Бар-жоғы ондайлардың білінбейді.
Сөйлейік Жаратушы тіл бергенде, Қалмайды өткір ойлар мүлдем жерде. Осынау өлең сөзім сабақ болғай, Өмірде қалғып-мүлгіп жүргендерге.
Мұқатай Секеев, еңбек ардагері.
Т.Рысқұлов ауданы.