Жерде қанша адам өмір сүре алады?
Жерде қанша адам өмір сүре алады?
Халықтың тығыз орналасуы Жер үшін өте қауіпті мәселенің бірі дегенді естіген шығарсыз. Бұл қаншалықты рас?
Планетада жер, табиғи ауыз су, азық-түлік қоры және пайдалы қазбалар адамзат үшін жеткілікті деп ойлайсыз ба? Адам санының күрт өсуі жаһанға қауіп төндіруде. Лондонның халықаралық қоршаған ортаны қорғау және дамыту институтының ғылыми қызметкері David Satterthwaite жер бетінде халық санының көбеюі аса қауіпті емес дегенге тоқталыпты. Алайда аштықтан босып жүрген 1 миллиард адамның мұқтажын қамтамасыз етуге планетамыздың шамасы қаншалықты жетеді деген сұрақ оны қатты мазалап жүргенге ұқсайды. Осыдан 10 000 жыл бұрын планетамызда бірнеше миллион адам өмір сүрсе, 1920 жылғы санақта жер бетіндегі халық саны 2 миллиардқа жуықтаған. Қазіргі уақытта жер бетінде 7,3 миллиард адам тіршілік етуде. БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылы 9,7 миллиард, ал 2100 жылы халық саны 11 миллиардқа жетпек. Осы ғасырдың аяғына дейін халық саны күрт көбейіп, ғалымдар көбеюдің арты не боларын болжай алмауда себебі бұрын соңды мұндай өсім болмаған. Алдағы 20 жылда дамушы мемлекеттерде халық саны артады. Бірақтан біз табиғаттың ластануы, апаттардың көбеюін де ескеруге міндеттіміз. Табиғаттың ластануынан көптеген жерлер қоныстануға жарамсыздануда. Химиялық тынайтқыш көптеп себіліп егістіктер тозуда. Егер де табиғи ауыз судың жерасты қорының тұнығы лайланса бұл адамзатты алапат зардапқа ұшыратады. «Жер бетінде қанша адам өмір сүре алады?» деген сұрақ ғалымдардың ортасында басы ашық күйде жауапсыз қалуда...
Vivien Cumming 14.03.2016 BBC.com