Хиллари Клинтон 5 штатта жеңіске жетті
Хиллари Клинтон 5 штатта жеңіске жетті
АҚШ-та кандидаттардың президенттік сайлау алдында штат аралау науқаны қызып тұр. Демократтар партиясы өз ішінен кімді кандидат ретінде ұсынатынын нақты анықтап алды. Ол 5 штатта үгіт-насихат жүргізу бойынша бәсекелесі сенатор Бернард Сандерстен асып түскен бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон.
Жақтастарының алдында Хиллари Клинтон былай деді: «Кімнің жеңіске жететінін дауыс берушілердің іші сезіп жүр. Сондықтан бізге сапалы іске көшетін кез келді». Бұл, әлбетте, бәсекелесі сенатор Бернард Сандерске бағытталған сес емес, керісінше Республикалық партия атынан президенттікке үміткер, миллиардер Дональд Трампқа айтылған «ескертпе» тәрізді ойға жетелейді. Клинтонның сыны мұнымен бітпейді. Ол сол жерде тұрып белсенді компанияға тағы да сын айтты: «Ел басқаратын тұлға елін қорғай алса жақсы, ал егер мазаққа қалдыратын болса онда босқа тыраштанбай-ақ қойсын». Ол мұнымен тоқтамай Дональд Трамптың кейбір көзқарастарымен келіспейтінін жеткізді. Әсіресе, АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым саламын деген ойы демократиялық қоғамның қалыбына мүлде қайшы келетінін жайып салды.
Maggie Haberman 29.03.2016 The New York Times