Денсаулық

Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне Қазақстанда пәтер беріледі

Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне Қазақстанда пәтер беріледі

Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне Қазақстанда пәтер беріледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті.

Оның айтуынша, заңнамаға сәйкес Паралимпиадалық ойындарда чемпион және жүлдегер атағын иеленген спортшыларға ай сайынғы материалдық қолдау, сондай-ақ оларды баспанамен қамтамасыз ету нормалары қарастырылған.

«Өздеріңіз білесіздер, бұндай нормалар Олимпиада жеңімпаздарында болды. Жаңа заңда депутаттардың қолдауымен паралимпиадашылар үшін де тиісті норма бекітілді. Менің ойымша, бұл тұрғыда өте дұрыс шешім жасалды. Енді тек осы ай сайынғы материалдық ынталандыруды және пәтер алуы тиіс чемпиондар мен жүлдегерлер қажет», - деді Е. Қанағатов бүгін Риодағы Паралимпиадалық ойындарға еліміздің спортшыларын даярлау жөніндегі штабтың отырысында.

Комитет басшысы Үкімет қаулысымен бекітілген паралимпиадашыларды материалдық ынталандырудың сомасы жайын да  еске салып өтті.

1 орын - 50 мың доллар;

2 орын - 35 мың доллар;

3 орын - 25 мың доллар;

4 орын - 14 мың доллар;

5 орын - 6 мың доллар;

6 орын - 4 мың доллар;

Айта кетейік, 15-ші Паралимпиадалық  ойындардың басталуына 161 күн қалды. Бұл дода биылғы 7-18 қыркүйекте 23 спорт түрінен Рио-де-Жанейрода өтеді. 528 медаль жиынтығы сарапқа салынады.