Денсаулық

Таразда бірегей Достық Үйі салынуда (ФОТО)

Таразда бірегей Достық Үйі салынуда (ФОТО)

20160330021942 20160330021946 20160330021951 20160330021956 20160330022001

Таразда «Ежелгі Тараз»  тарихи-мәдени кешені аумағында  Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық Үйі ғимаратының құрылысы қызу жүргізіліп жатыр.

Тапсырыс беруші Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолы басқармасының  ақпаратына қарағанда,  нысан құны 1,27 млрд. теңгені құрайды. Бас мердігер  - «Астана-Авто-Құрылыс»  ЖШС.

Құрылыс учаскесінің бастығы Самат Ақашевтің «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне айтуынша, Достық үйінің құрылысы Жамбыл облысы әкімінің жеке бақылауында. «Құрылыс қызу жүріп жатыр. Шамамен 150 адамдай жұмыс істеуде. Құрылыс 2015 жылдың сәуірінде басталған.  Ағымдағы жылдың мамырында  нысанды толық салып бітіруді көздеп отырмыз»,-дейді ол.