Ақшасын үнемдеген америкалық фанерден жасалған үйшікте тұрып жатыр
Ақшасын үнемдеген америкалық фанерден жасалған үйшікте тұрып жатыр
Сан-Франциско тұрғыны 25 жасар иллюстратор Питер Берковитц қымбат пәтер ақысынан құтылудың амалын тапты.
Ол танысының үйінің қонақ бөлмесіне өзіне фанерден шағын ғана үйшік тұрғызып алды. Енді ай сайын 508 доллар төлейтін болады, деп хабарлайды Time.
Иллюстратор өзінің блогына пәтерді жалға алу ақысы бұдан екі есе, тіпті үш есе қымбатқа түсер еді»,-деп жазды. «Үйшікті тұрғызу маған 1,3 мың долларға түсті. Енді мен ай сайын 400 доллар және бұған қосымша су мен жарыққа 108 доллар ғана төлеймін»,- дейді ол.