Қазақстандықтарға жүргiзушi куәлiгiн автомектепте оқымай-ақ алуға болады
Қазақстандықтарға жүргiзушi куәлiгiн автомектепте оқымай-ақ алуға болады
Сәуiр айынан бастап қазақстандықтар жүргiзушi куәлiгiн автомектепте оқымай-ақ ала алады. Бұл туралы Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Ерлан Тұрғымбаев баспасөз мәжiлiсiнде мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
Оның айтуынша, мотоцикл мен автокөлiктердi жүргізу құқығын алуға үмiткерлердің өз бетiмен дайындалу тәртiбi енгiзiліп жатыр. Олар емтиханды тек арнайы ХҚКО-да тапсырады.
«Мысалы, сiз үйiңiзде отырып-ақ жол қозғалысы ережелерiн оқи аласыз. Үйiңiзде интернет бар, үйде отырып тестiден өтесіз. Егер сiздiң практикалық тәжiрибеңiз болса, онда теориядан емтихан тапсырасыз, одан кейiн практикалық емтиханға барасыз. Егер сiз олардан сәтті өтсеңiз, А және В санатындағы жүргiзуші куәлiгiн автомектептерде оқымай-ақ ала аласыз. Бұл ереже енгiзiліп жатыр, сәуiр айында жариялаймыз», - дедi вице-министр.
Ерлан Тұрғымбаев сондай-ақ, IIМ азаматтың тiркелген жерiне қарамай жүргiзушi куәлiгiн беруге және ауыстыруға мүмкіндік беретін нормалар енгізілуі мүмкін екенін айтты.