Астанада Fokker-100 ұшағын аман қондырған экипаж түгелдей мемлекеттік марапатқа ұсынылады
Астанада Fokker-100 ұшағын аман қондырған экипаж түгелдей мемлекеттік марапатқа ұсынылады
Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің тапсырмасына орай, министрліктің кадрлар жөніндегі департаменті 2016 жылдың 27 наурызында Астана халықаралық әуежайында апатты жағдайда Fokker-100 ұшағын аман-есен қондырған экипаж мүшелерін мемлекеттік марапатқа ұсыну туралы ұсыным хат әзірлеуде.
Бұл туралы кадрлар жөніндегі департаменттің жетекшісі Марат Иғали мәлім етті. «Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің тапсырмасына орай, министрліктің кадрлар жөніндегі департаменті 2016 жылдың 27 наурызында Астана халықаралық әуежайында апатты жағдайда Fokker-100 ұшағын аман-есен қондырған Fokker-100 әуе кемесінің экипаж мүшелерін ерлігі мен кәсібилігі үшін мемлекеттік марапатқа ұсыну туралы ұсыным хат әзірлеуде.
Олар:
1) Родин Дмитрий Олегович, Fokker-100 әуе кемесінің командирі (31.08.1968); 2) Смеречанский Вадим Александрович, Fokker-100 әуе кемесінің екінші ұшқышы (06.01.1987); 3) Мүдәрісова Жадыра Аманжолқызы, аға бортсерік (10.09.1987); 4) Шестаков Александр Викторович, бортсерік (15.01.1988); 5) Ибрагимов Рустам Тұрсынұлы, бортсерік (22.09.1978).