Радармен тығылып тұратын полицейлер жұмыстан шығарылады - ҚР ІІМ
Радармен тығылып тұратын полицейлер жұмыстан шығарылады - ҚР ІІМ
Жүргізушілерден тығылып, таса жерден радармен тұратын айлакер жол полицейлері жұмыстан шығарылады. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Игорь Лепеха мәлім етті.
«Біз о бастан полицейлерге жүргізушілерден тығылмауды бұйырғанбыз. Бұл жерде сөз полицейлердің заңды іс-қимылына қатысты. Ағаштың, дуалдың, бұрыштың артында тығылып, кейін атып шығатын болса, онда біз ондай іс-әрекеттерге жол бермейміз»,- деп атап өтті И.Лепеха ҚР ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында. Оның сөзі бойынша, осындай әрекеттер үшін бірқатар полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылған. Олардың қатарында командирлер де бар. «Атап айтқанда, біз Алматы облысында тексеріс жасадық. Нәтижесінде, бірқатар полицей атқарып жатқан қызметінен босатылды, олардың қатарында тіпті батальон командирлері де бар», - дейді ол.