Алтай өңірінде ежелгі жылан-адамдар өмір сүреді
Алтай өңірінде ежелгі жылан-адамдар өмір сүреді
Астаналық зерттеуші Ерсайын Шығаев ОББ-ның экс-агенті Эдвард Сноуденнің жер астын мекен ететін ергежейлі адамдар жайлы айтқан пікірінен кейін Алтайдың Шығыс Қазақстан облысындағы бөлігінде ерекше тылсым күштерге ие Агарти деп аталатын жерасты қаласы бар деген байлам жасады. Алтай өлкесіне зерттеу жүргізіп, Агарти патшалығының құпиясын ашуды көздеген зерттеуші: – Алтайда Белуха деген тау бар. Барлық буддалықтар Белуханы Будданың отаны санайды. Ежелгі нанымдарға сенсек, Будда Гаутама Наги жылан-адамының нәсілінен болған. Нагилер сол жер астындағы ежелгі халықтардың өзі болуы мүмкін. Жалпы, қолдан салынған жерасты үңгірлері Антарктидадан, Австралиядан, Кавказ бен Алтайдан да табылған. Ғалымдар олардың тұрғындарын жылан-адам кейпінде екендігін айтады. Ал мұндай адамдардың кәдімгі адамдардан айырмашылығы, олар энергия көзін Күннен емес, Жерден алады, – дейді. Астаналық ғалымдар тобы сонымен қатар, Алтай өлкесінің тұрғындарын сөзге тартқанда олар мұнда көптеген қызықты да тылсым жайттардың орын алып тұратынын айтқан. Мәселен, олар темір жұмыртқа, жартылай адам, жартылай жылан түріндегі жаратылысты көрген. Жергілікті аңшы жылқысын іздеп жүріп жылан-адамдар мекен ететін үңгірге түсіп кете жаздаған да екен.
Алан ИСАЕВ.